Ұлттық қордың қаражатын тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек – Президент

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың ел байлығын сақтап, арттырудағы рөлі мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаражаты қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етуге тиіс екенін атап өтті.

"Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Ұлттық қор көп жылдан бері негізгі міндетін лайықты орындап, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың болашағы үшін нақты әрі батыл қадамдарды қазірден бастау қажеттігін жеткізді.


"Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз", – деді президент.
Қазақстан
Президент Жолдауы – 2026
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы