Президенттің айтуынша, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Жақын арада Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
"Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау жоспарланып отырғанын хабарлады. Жобаға осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірі тартылмақ.