Алатауда ағылшын құқығы үлгісімен инвестициялық сот құрылады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 13:07 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласында арнайы сот жүйесін құруды тапсырды. Үкімет тиісті заңнамалық түзетулерді 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін Құрылтайдың қарауына енгізуге тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы инвестиция мен кәсіпкерлікке қолайлы орта болатын, жедел дамитын Алатау қаласын салудың маңызы көпшілікке айқын бола бастағанын атап өтті.

"Кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ мерзімді тартымдылығын қамтамасыз ететін басты шарт – тиімді сот төрелігі. Сондықтан Алатауда сот төрелігін жоғары деңгейде жүзеге асыратын сот жүйесін құру қажет. Ағылшынның жалпы құқық үлгісіне негізделген инвестициялық сот коммерциялық істерді қарайды. Ал арнайы құқықтық режимге қатысты өзге мәселелердің бәрі Азаматтық соттың құзыретіне беріледі", – деді президент.

Осыған байланысты Үкімет "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Конституциялық заңға тиісті түзетулер әзірлеп, белгіленген мерзімде Құрылтайға ұсынуы керек.


"Барлық беделді әрі адал кәсіпкерлердің инвестициялық мүдделерін ең жоғары әрі сенімді құқықтық кепіл – Конституция қорғайтынын еске салғым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдаудың онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: