8 заманауи перинаталды орталық, 7 көпбейінді балалар ауруханасы – Ауқымды құрылыс жылының басымдықтары

Фото: primeminister.kz
Қазақстанда ауқымды құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде сегіз заманауи перинаталды орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазір Қазақстанда жеті миллионға жуық бала бар. Бұл – ел халқының 34%-ы. Жыл сайын елімізде 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.

"Елімізде халық саны қарқынды өсуде. Сондықтан денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі әрі жедел дамыту – өте маңызды міндет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәліметінше, жеті көпбейінді балалар ауруханасы Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында бой көтереді. Сонымен қатар Астанада тағы екі медициналық нысан салынады.

Президент бұл жобаларды жүзеге асыруға бюджет қаражатымен қатар, жеке капиталды да кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясындағы жобаларды сәтті іске асыру маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай әріптестік әлеуметтік инфрақұрылымға салынатын жеке инвестиция көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"Ең бастысы, тиісті рәсімдерді негізсіз созбай, шешімдерді тез қабылдау керек", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды