Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін еліміздің саяси жүйесі толық жаңғырды. Соған сәйкес мемлекеттік мекемелердің алдында тұрған міндеттер де күрделене түсті.
"Қазір билік жүйесін дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес осы саланы түбегейлі реформалау қажеттігі туындап отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы тұтас мемлекеттік аппараттың және әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесі цифрландыру дәуірінің талаптарына сай жұмыс істеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керек.
"Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет", – деді Президент.