Оның айтуынша, әлемдік логистика ауқымды өзгерістер мен жедел даму кезеңіне қадам басты.
"Теңіз жолдарының осал тұстары құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңызын арттырды. Қазақстан осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, іс жүзінде Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы керек. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропа құрлығына бағытталған жүк тасымалының шамамен 85 пайызы біздің аумағымыз арқылы өтеді. Алайда қазіргі қолайлы жағдайға қанағаттану болашақта бізді басқаларға ілесуші елдердің қатарына қосуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы деңгейіне көтерілуіміз қажет", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, отандық логистикалық операторларды дамытуға, жүктерді шоғырландыру және тарату орталықтарын құруға ерекше назар аудару керек.
Президент көлік тораптарының айналасында жаңа өндіріс орындары мен сауда алаңдарын қалыптастырудың да маңызды екенін атап өтті.