Соның ішінде Президент атом энергетикасын дамыту айрықша маңызды екенін атап өтті.
"Мен келесі жылдың өзінде "Балқаш" АЭС-інің құрылысын бастауды мүмкін әрі қажет деп санаймын. Сондай-ақ "Мойынқұм" АЭС-інің құрылысын мүмкіндігінше тезірек бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою керек", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздердегі барлық ұстаным мұқият пысықталып, Қазақстанның ұлттық мүдделері ескеріле отырып келісілуге тиіс.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемін арттыру қажеттігін мәлімдеген болатын.