Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды

Фото: primeminister.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құруды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы еліміздегі су тапшылығы мәселесі жүйелі әрі батыл шаралар қабылдауды талап ететінін ерекше атап өтті.

"Ең алдымен, қазіргі жағдайда құндылығын асыра бағалау мүмкін емес су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалану қағидаттарын барлық жерде енгізу қажет. Үкімет пен әкімдіктер су тұтынуды бақылауды күшейтіп, желілердегі су шығынын азайтуға және ауызсуды мақсатсыз пайдалануға, соның ішінде автожуу орындарында қолдануға жол бермеуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент судың нақты құнына сай бағалануы керектігін мәлімдеді.

"Менің тапсырмам бойынша Үкімет су тұтыну саласында ауқымды тарифтік реформаны бастады. Оны қисынды аяқтау қажет. Суды ұқыпты пайдалану шаруашылық жүргізудің міндетті қағидатына айналуға тиіс. Су ресурстарын толық әрі нақты есепке алу үшін цифрлық құралдарды барынша пайдалану аса маңызды. Бұл жаңа өндіріс орындарын жоспарлау кезінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан Үкімет Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құруды қысқа мерзімде аяқтауы керек", – деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында энергетикалық нысандар құрылысына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Жолдауы – 2026
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды