Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
"Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру маңызды. Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызметте жұмыс істейтін мамандардың жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін көтеруді тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынған болатын.