Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сурет: akorda.kz
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлаған едік.
Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады