Қазақстанның су саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынды

Фото: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында су саласына салынған инвестициялар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, елде су шаруашылығы инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Соңғы екі жылда 1,4 мың шақырымнан астам канал, бес су қоймасы және сегіз гидротехникалық нысан қайта жаңғыртылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың ауқымы тартылған инвестиция көлемінен де көрінеді. 2023 жылғы қыркүйектен бері су саласының негізгі капиталына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынды", – деді Нұржігітов.

Ол қазіргі уақытта 4,6 мың шақырымнан астам ирригациялық желіні жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Биыл 964 шақырым желіні жаңғырту жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Нұржігітов Нұржан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді