Бұл туралы 2026 жылғы 29 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.
Арнайы спорт кешенін №13 шағынаудандағы 3/1 учаскесінде салу жоспарланып отыр.
Министрліктің мәліметінше, орталық құрамына спорттық және көркем гимнастика, батут және аэробты гимнастика, спорттық акробатика залдары, сондай-ақ жарыстар өткізуге арналған әмбебап зал кіреді.
Сурет: gov.kz
Сонымен қатар жоба аясында хореография және балалар гимнастикасы залдары, медициналық-оңалту орталығы, әкімшілік бөлмелер мен жатақхана қарастырылған.
Жоба құжаттарына сәйкес, кешен негізгі, жастар және жасөспірімдер санатындағы 670-тен астам спортшыны даярлауға арналған.