Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараған ақпарат жалған.
"Көрсетілген кадрларда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің 2026 жылғы 22-25 маусым аралығында Алматы облысындағы "Көктал" полигонында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізген оқу-жаттығу жиыны бейнеленген". Қорғаныс министрлігі
Дезинформацияға қарсы күрес орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын ақпараттың бастапқы дереккөзін және контекстін тексеруге үндеді.