Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысының төрт тұрғыны анықталып, ұсталған. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала сөз байласып, жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған.
"Атап айтқанда, өткен жылдың мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланған. Кейін ұрланған техниканың бір бөлігі Алматыда сатылған. Аталған ұрлық салдарынан жүк тиесілі компанияларға жалпы сомасы 633 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілдій, – деді Т. Рамазанов.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көлік полицейлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, ұрланған техниканың бір бөлігін тәркіледі. Қылмыстық іс бойынша фигуранттардың кінәсі толық дәлелденді.
"Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жыл 7 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп түйіндеді сөзін Т. Рамазанов.