Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Қазір медицина қызметкерлері оған қажетті медициналық көмектің бәрін көрсетіп жатыр.
Атыраудағы қазандық жарылысының салдарын жоюға кететін шығынды ғимарат иесі өз мойнына алды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық әкімдік хабарлады.
Мамандар сынған және зақымданған терезелерді өлшеп жатыр. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, терезелерді қалпына келтіру жұмыстарымен екі мердігер ұйым айналысады.
Оқиға салдарын жоюға қатысты барлық мәселе мен зардап шеккен адамның жағдайы қала әкімінің жеке бақылауында.