Ұлттық компанияның мәліметінше, жұма күні еліміздің бірден алты өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтіледі. Атап айтқанда:
- Алматы облысында;
- Қарағанды облысында;
- Павлодар облысында;
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында;
- Жетісу облысында.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың тайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жолдың жай-күйіне қарай жылдамдықты таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынамыз", – делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қалың қар, нөсер жаңбыр жауып, ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендейтінін ескерткен еді. 2026 жылғы 30 қазандағы ауа райы болжамын мына жерден білуге болады.