Алматыда дәрігерге жазылу мәселесі шешіледі: министрлік талап қойды

Фото: Zakon.kz
Алматыда дәрігер қабылдауына жазылу қолжетімділігін арттырып, медициналық көмекті күту мерзімін қысқарту жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы 2026 жылғы 30 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарға электронды жазылуға қойылған шектеулерді жоюды, дәрігерлердің қабылдау кестесін өзекті күйде ұстауды және емханалар басшыларының медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қатысты жауапкершілігін арттыруды тапсырды.

Бұл мәселе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында қаралды. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

"Кейбір медициналық ұйымдарда бейінді мамандардың қабылдауына өз бетінше жазылуға шектеулер қойылған. Сондай-ақ дәрігерлердің қабылдау кестесін қалыптастыруда кемшіліктер бар. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттырып, қабылдауға жазылу қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды", – деп хабарлады ведомство.

Денсаулық сақтау министрі медициналық ұйымдар басшыларының жұмысын, ең алдымен, пациенттерге медициналық көмектің нақты қолжетімділігіне қарай бағалау қажеттігін атап өтті.

"Тапсырмаларды формалды түрде орындауға жол берілмейді. Министрлік олардың жүзеге асырылуын бақылауды жалғастырады. Анықталған барлық заңбұзушылық бойынша комитеттерге тиісті бақылау шараларын жүргізіп, құзыреті шегінде шара қабылдау тапсырылды. Оң өзгеріс болмаған жағдайда қажетті басқарушылық шешімдер қабылданады", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға кейбір жағдайларда дәрігерге емес, медбикеге қаралу жеткілікті екені түсіндірілген болатын.

Қазақстан
Алматы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады