"Қазгидромет" мәліметінше, 2026 жылғы 31 қазанда Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында, ал түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау және Астанада атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
Бұған дейін "Қазгидромет" 31 қазанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жасалған еді.