Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше қаласында 2026 жылғы 1 қарашада ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 1 қарашада Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 1 қарашада еліміздің бірнеше облысында үсік жүріп, тұман түсетіні, кей өңірлерде жел күшейіп, көктайғақ болатынын ескерткен.

Ақтөбе
Қарағанды
Атырау
Орал
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады