Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
Дәурен Мұратбеков 1984 жылғы 13 маусымда дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша (2006), А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Қаржы" мамандығы бойынша (2008) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде іс жүргізу инспекторы болып бастаған. Кейін осы министрліктің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінде жетекші маман, бас маман, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.
2011-2013 жылдары "Ұлттық инновациялық қор" АҚ және кейін қайта ұйымдастырылған "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2013-2014 жылдары аталған агенттіктің Жобаларды талдау және мониторинг орталығының басқарушы директоры – директоры болған.
2014-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментін басқарды.
2018-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы ақпанға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
2024 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы болып тағайындалған.