Қазақстанда медициналық бұйымдардың бағасы 90%-ға дейін арзандауы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 3 қарашада Үкімет отырысында медициналық бұйымдарды сатып алудың жаңа моделін енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл жекелеген өнімдердің бағасын 25-90%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа сатып алу моделін енгізудегі негізгі мақсат медициналық бұйымдарға әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету және бәсекелестікті дамыту, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру арқылы бөлінген қаражатты барынша тиімді пайдалану екенін айтты.

"Медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамаларын стандарттау және референттік баға белгілеу тетігін енгізу олардың құнының негізсіз өсу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді", – деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша медициналық бұйымдардың жекелеген түрлерінің бағасын 25-90%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Бұған дейін Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек сатып алуды цифрландыру және оларды тағайындауды бақылау арқылы бюджет қаражатының миллиардтаған теңгесін үнемдеуге қол жеткізілгенін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды