Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 2026 жылғы 7-8 қараша күндері Шевченко көшесінде, Пушкин және Қонаев көшелерінің арасындағы учаскеде өтеді.
"Тұрғындар 20-ға жуық азық-түлік түрін нарықтағы орташа бағадан 8-20%-ға төмен бағамен сатып ала алады. Өнімдер делдалдардың үстемеақысынсыз, тікелей өндірушілерден сатылады", – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін ультраөңделген ет өнімдерін жиі тұтыну және ет тағамдарын дұрыс дайындамау денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Шұжық, бекон және күйіп кеткен ет қабығының зияны туралы нутрициолог әрі превентивті диетолог Виктория Кострова ескерткен еді.