JAQ.OrtCom жалған ақпаратпен күрес орталығының 2026 жылғы 5 қарашадағы мәліметінше, ресми түсіндірмелерге қарамастан, әлеуметтік желілерде әлі де жалған ақпараттар кездеседі.
Сурет: Telegram/JAQortcomkz
Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Ведомство мұндай салықты енгізу мәселесі Үкіметте қарастырылып жатпағанын нақтылады.
"ҚР Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайды".
Орталық өкілдері тағы да таратылып жатқан мәлімдемелердің заңды негізі жоқ екенін атап өтті.
Сондай-ақ заңда көзделген белгілер болған жағдайда, көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беруге және жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.
Еске салайық, бір күн бұрын, 4 қарашада Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қазақстандықтардың шоттары қандай себептермен бұғатталатынын және оны қалай шешуге болатынын түсіндірген болатын.