Метрополитеннің баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 қарашада таратқан мәліметке сүйенсек, турникеттердің 60%-ы жаңартылған.
Қазір метроның 11 станциясындағы турникеттердің шамамен жартысы жолақыны тек "Оңай" көлік картасымен қабылдайды. Қалған турникеттерден билетпен, банк картасымен немесе Apple Pay және Samsung Pay арқылы өтуге болады.
"Қазір турникеттерді „Оңай" жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс аяқталған соң №1 турникеттен басқа барлық турникет төлемнің барлық түрін қабылдайды. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 9 қараша күні таңертең Алматы метросының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған "Оңай" жүйесінің QR-кодтары арқылы жолақы төлеу кезінде болған ақау себеп болған.