Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде біртұтас қоғам болып өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтты.
Оның сөзінше, елдің тұрпаты мен халықтың болмыс-бітімін айқындайтын қастерлі құжат – Конституция қабылданды. Берекелі бірліктің арқасында ауқымды реформалар сапалы жүзеге асып, мемлекеттің басқару жүйесі толықтай жаңғырды.
Атап айтқанда, бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай өз жұмысын бастады, ал еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды.
"Ең маңызды мәселе – Конституциямызға сәйкес азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары мызғымас сипатқа ие болды, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді және жеріміздің тұтастығын қорғау қастерлі міндет деп танылды. Қазақстан бүкіл әлемге зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде мойындалды", – деді Мемлекет басшысы.