Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5%-ға өсті

Фото: Zakon.kz
10 қарашада ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың алғашқы он айындағы экономикалық өсім туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) нақты мәнде 4,5%-ға өсті. Экономиканың өсу қарқыны алғашқы тоғыз айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеді.

Экономикалық өсуге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.

Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%)байқалады.

Құрылыста өсім 13,1%, көлікте және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды.

Сурет: primeminister.kz

2026 жылғы 25 қазанда экономист Андрей Чеботарёв экономикалық өсімнің әсері неліктен бірден сезілмейтінін түсіндірді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды