"Қазгидрометтің" мәліметінше, 10 қарашада Ақтөбе, Атырау және Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Көкшетауда мұндай жағдай түнде байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – ауаның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары дауылды ескерту жариялады. Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады.