Министрдің мәліметінше, 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбина жөнделіп болды.
"Жалпы, елдегі энергия көздерінде жұмысқа қажетті жабдықтар түгел дайын. Қалған жөндеу жұмыстары резервтегі жабдықтарда жүргізіліп жатыр. Бұл жылу беру маусымының өтуіне әсер етпейді. Өңірлік электр желілік компаниялар жалпы ұзындығы 17,1 мың шақырым электр беру желісін және 444 қосалқы станцияны жөндеді. Осылайша, жоспар толық орындалды", – деді Ақкенженов.
Сондай-ақ 377 шақырым жылу желісін жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
"Осы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі орта есеппен 27%-ға ұлғайтылғанын атап өткен жөн", – деп қосты министр.
Алматыдағы №3 жылу электр орталығының құрылысы неліктен созылып кеткенін материалдан оқи аласыздар.