Қазақстанда ЖЭО мен электр желілерін жөндеуге бөлінген қаржы 27%-ға артты

Алматинская ТЭЦ-2, Алматинская ТЭЦ 2, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 10:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 қарашада Үкімет отырысында энергоблоктар мен жылу желілерін жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбина жөнделіп болды.

"Жалпы, елдегі энергия көздерінде жұмысқа қажетті жабдықтар түгел дайын. Қалған жөндеу жұмыстары резервтегі жабдықтарда жүргізіліп жатыр. Бұл жылу беру маусымының өтуіне әсер етпейді. Өңірлік электр желілік компаниялар жалпы ұзындығы 17,1 мың шақырым электр беру желісін және 444 қосалқы станцияны жөндеді. Осылайша, жоспар толық орындалды", – деді Ақкенженов.

Сондай-ақ 377 шақырым жылу желісін жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

"Осы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі орта есеппен 27%-ға ұлғайтылғанын атап өткен жөн", – деп қосты министр.

Алматыдағы №3 жылу электр орталығының құрылысы неліктен созылып кеткенін материалдан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: