Бірі тоқтап тұрған, екіншісі соғып кеткен: Алматыда екі автобус соқтығысты

Фото: Zakon.kz
Алматыда ірі даңғылдардың қиылысында екі автобус соқтығысты. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық көліктердің соқтығысқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Threads желісіндегі куәгерлердің жазуынша, Абай мен Момышұлы даңғылдарының қиылысында №78 және №136 бағыттағы автобустар соқтығысқан.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, апаттың мән-жайын нақтылады.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 10 қарашада сағат 13:00 шамасында қаланың Әуезов ауданында болған.

"Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан SAZ маркалы автобустың жүргізушісі алдында өзімен бір бағытта тоқтап тұрған Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Полицияның хабарлауынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша тергеу басталды.

"Қазір Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент