Дауға мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің әдеттегідей жабық чаттан баланың анасына видео жіберуі себеп болған. Жазбада тәрбиешінің тәрбиеленушімен дөрекі сөйлесіп, оған дауыс көтергені көрінеді.
Threads әлеуметтік желісіндегі ovcharova.ga парақшасының авторы мекеме қызметкерлері бұл үзіндіні байқамай жіберіп алған болуы мүмкін екенін, яғни видеоны қиып тастауды ұмытқанын жазды.
View on ThreadsӘйел ұлының ерекше бала екенін, сөйлемейтіндіктен үйіне келіп, өзіне жасалған әрекеттер туралы айтып бере алмайтынын атап өтті.
"Біз баламызды сеніп тапсырған жер, бейнежазбаға қарағанда, оны ренжітіп, ұрып-соғып, балағаттап, қорлаған орынға айналды. Ол үйіне келіп, анасына өзіне не істегенін айтып бере алмайды. Көмек сұрап, өзін қорғайтынын сөзбен жеткізе алмайды. Балаларымызды мамандарға дәл осы себепті сеніп тапсырамыз. Бірақ баланың қауіпсіздігіне жауапты ересек адамның өзі оған зиян келтірсе, оны кім қорғайды?" – деп жазды ашынған ана.
Оның айтуынша, оқиға Торайғыров көшесінде орналасқан жекеменшік балабақшалар желісінің бір филиалында болған. Жәбірленуші тарап істің жан-жақты әрі ресми тергелуін және кінәлілердің әділ жазалануын талап етпек.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнематериалдарды зерделеп, оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ маман мен түзету орталығы басшылығының әрекеттерін анықтап жатыр", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 10 қарашада Zakon.kz редакциясына.
Ведомство тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін де мәлімдеді.