Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы:
- елдің батысында түнде +2...+9°C-қа, күндіз +8...+17°C-қа дейін жоғарылайды;
- солтүстікте түнде -2...-10°C-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -2...+5°C болады;
- орталық пен шығыста түнде -5...-15°C-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -3...+5°C болады;
- оңтүстікте түнде -1...-8°C-қа дейін төмендеп, күндіз +5...+12°C-қа дейін жоғарылайды;
- оңтүстік-шығыста түнде -3...-8°C-қа, таулы аудандарда -11...-16°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +2...+10°C-қа дейін жылынады, ал таулы аудандарда -1...-6°C болады.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын мол түсіп, қалың қар жаууы және көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Кей күндері елдің батысында, солтүстігінде және орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді.