Бұл қызметке Марат Ирменов келді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатауллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды", – деп хабарлады Ақорда.
Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР ҰҚК институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.
1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде, ал 2000–2025 жылдары басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2025 жылғы қазаннан бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болған.
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК-нің құрметті қызметкері.
2019 жылы ҚР президентінің Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген.
Президенттің басқа Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.