48 сағатта үш жұп егіз: Маңғыстауда ерекше жағдай тіркелді

48 сағатта үш жұп егіз: Қазақстанның батысында ерекше "бэби-бум" болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 09:42 Сурет: facebook/cok.mangystau
Маңғыстау облысында ерекше жағдай тіркелді. Екі күннің ішінде облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында бірден үш жұп егіз дүниеге келді. Алты сәбидің ата-анасы атанған үш отбасы қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада дүниеге келді. Ұл бала сағат 14:00-де салмағы 2 740 грамм, бойы 51 сантиметр болып туған. Ал оның қарындасы тоғыз минуттан кейін, сағат 14:09-да өмірге келді. Қыз баланың салмағы 2 830 грамм, бойы 52 сантиметр болды.

Сол күні бірнеше сағаттан кейін орталықта тағы бір жұп егіз дүниеге келді. Сағат 17:16 және 17:33-те екі ұл бала туған. Олардың салмағы тиісінше 2 430 және 2 290 грамм болса, бойлары 46 сантиметрді құрады.

Келесі күні, 14 қарашада, перинаталдық орталықта үшінші жұп егіз өмірге келді.

"Сағат 11:58-де салмағы 3 080 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала дүниеге келді. Ал сағат 12:15-те салмағы 2 960 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туды", – делінген хабарламада.

Әзірге ата-аналардың барлығы сәбилеріне есім таңдап үлгермеген. Белгілі болғандай, әртүрлі жынысты егіздердің бір жұбына Ануар және Ақнұр есімдері берілген.

Айта кетейік, 2026 жылғы 4 қыркүйекте Алматыдағы бір перинаталдық орталықта бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: