Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітіріп жатыр

Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітіріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 17:35 Сурет: Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Келес ауданында үш жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр. Төрт қыз және екі ұл бала үлкен өмірге қадам баспақ, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Келес ауданы әкімдігінің мәліметінше, олар - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Бұл мектепте биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы оқуда да озат екенін айтты.

"Данабай Ақылбек "Алтын белгіге", Данабай Асылбек "Үздік аттестатқа" үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса, бірдей заң саласында қызмет ету үшін "Тарих-Құқық" сияқты пәндерді таңдап отыр", - дейді мектеп мұғалімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: