Алматыда түнгі рейд кезінде екі пәтерден интимдік қызмет көрсету дерегі анықталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 10:19 Фото: unsplash
Алматының Алмалы ауданында полицейлер түнгі рейд жүргізіп, интимдік қызмет көрсетілген болуы мүмкін екі пәтерді анықтады. Құқық қорғау органдары пәтерлерде болған әйелдерді ұстады. Олардың арасында шетелдік азаматша да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 15 қарашада Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Төле би даңғылындағы үйлердің бірінде притон болуы мүмкін деген шақыртуға алғаш болып "Буран-205" патрульдік экипажы барған.

Тексеру барысында заңсыз әрекет туралы ақпарат расталған.

"Пәтерде болған әйел жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.

Екінші мекенжай Шевченко көшесіндегі пәтер болған. Онда полицейлер 31 жастағы шетелдік азаматшаны ұстаған. Ол ақылы интимдік қызмет көрсетті деген күдікке ілінді.

"Қазір оның Қазақстан аумағында заңды түрде жүрген-жүрмегені және көші-қон заңнамасын бұзу деректері тексеріліп жатыр", – деп толықтырды полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ерлі-зайыпты жұп 3 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталған болатын. Олар өздерін полицей ретінде таныстырып, интимдік қызмет пайдаланған адамдарды бопсалаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: