17 қарашадан бастап жолы болатын үш жұлдыз белгісі

Сурет: magnific
2026 жылғы 17 қарашадан бастап үш жұлдыз белгісінің өкілдері сәтті кезеңге қадам басады. Астрологтардың айтуынша, Балықтар белгісіндегі Ай оларға жан тыныштығын сыйлап, сәттіліктің жолын ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 жылдан астам уақыт бойы астрологиялық болжам жасап, И-Цзин тәжірибесімен айналысып келе жатқан астролог Руби Миранданың айтуынша, сейсенбі күні көпшілік өзгерістерді жеңіл қабылдай бастайды. Осы кезеңде ішкі алаңдаушылықтың орнын ризашылық пен сабыр басады, деп жазады YourTango.

Балықтар

Бұл белгі өкілдері табиғатынан сезімтал әрі жұмсақ келеді. Алайда эмоцияның шамадан тыс күшеюі кейде олардың көңіл күйіне әсер етеді. 17 қарашада болатын жағымды оқиғалар олардың жан тыныштығын бұзбайды. Өз белгісіндегі Айдың ықпалымен Балықтар өмірдің өзінен терең қуаныш сезініп, артық күйзеліссіз сәтті кезеңге қадам басады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін сәттілік ең алдымен ішкі сенімділік пен қауіпсіздік сезімі арқылы көрінеді. Енді жағымсыз ойлар олардың психологиялық қорғанысын бұза алмайды, керісінше, позитивті көңіл күй басым болады. Астрологтың айтуынша, олар өзгенің пікіріне жалтақтамай, өз ырғағымен өмір сүруді үйренген. Сондықтан 17 қарашадан бастап өмірлерінде жаңа бақытты кезең басталады.

Мерген

Мергендер ұзақ уақыт бойы өзгелердің мақұлдауына тәуелді болмауға ұмтылып келді. Енді осы қасиеті оларға сәттілік тартуға көмектеседі. Балықтар белгісіндегі Айдың ықпалы олардың айналасындағы әлеммен үйлесім табуына және өз болмысын сақтап қалуына мүмкіндік береді. Өзінің ерекшелігін қабылдау Мергендердің алдында жағымды оқиғаларға жол ашады.

Жұлдыз жорамалдар болжамға негізделген және белгілі бір нәтиже болатынына кепілдік бермейді. Кез келген сәйкестік кездейсоқ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды