Оның айтуынша, әр азамат көлікті қандай тәсілмен сатып алатынын өзі шешеді.
"Өнеркәсіп министрлігі ретінде біз азаматтарға көлік сатып алудың қолайлы жолдарын ұсынуға мүдделіміз. Соның бірі – қаржылық лизинг. Біз статистикалық көрсеткіштерді арттыруды мақсат етпейміз. Бастысы – халыққа көлік сатып алуды жеңілдету және таңдау мүмкіндігін беру. Қазір қазақстандықтарға автолизинг қолжетімді", – деді Олжас Сапарбеков.
Вице-министр көлік бағасының арзандауына байланысты автонесиеге сұраныс төмендеп жатқаны туралы кейбір сарапшылардың пікіріне де тоқталды.
"Несие алу, бөліп төлеу мүмкіндіктері бар. Түрлі пікір айтылып жүр. Бұл мәселені талдап отырған сарапшылардың қай саланың мамандары екенін түсіну қажет. Дегенмен, айтқанымдай, біз халыққа қолайлы болуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатырмыз", – деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг іске қосылғанын хабарлаған едік.