Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы рейстер саны екі есе артуы мүмкін

Сурет: pexels
Қазақстан мен Мальдив Республикасы екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын арттыруға келісті. Бұған дейін әр тараптың тағайындалған әуе компаниялары аптасына жеті рейске дейін орындай алса, енді әр тарап үшін бұл шек 14 рейске дейін көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай келісімге ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдив Республикасының Азаматтық авиация басқармасының басшысы Абдул Харис Монреальда өткен кездесуде қол жеткізді. Кездесу Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы аясында өтті.

Көлік министрлігінің 2026 жылғы 18 қарашадағы мәліметінше, тараптар әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып рейстер орындау мүмкіндігін де талқылады. Бұл құқық әуе компаниясына өз елінен басталатын немесе өз елінде аяқталатын халықаралық рейс аясында басқа екі ел арасында жолаушы мен жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

"Бұл әуе компанияларына халықаралық бағыттардың қосымша нұсқаларын қарастыруға және коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады", – деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде туризмді дамыту және азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері де талқыланды.

Еске салайық, 2026 жылғы 13 қарашада Қазақстанда жолаушылардың әуе билеттері үшін артық ақы төлеп жүрген-жүрмегені тексерілетіні белгілі болды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

"Balapan"-ның күзгі базарлығы

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі