Пәтер мен көлікке "пайызсыз" қарыз уәде еткен: Астанада жарты миллиард теңгеге қатысты іс сотта қаралмақ

Фото: Zakon.kz
Астанада "Buyers Union" қаржы пирамидасын құрды және оның қызметіне басшылық етті деген күдікке ілінген бес адам сот алдында жауап бермек, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, күдіктілер өз қызметін заңды етіп көрсету үшін тұтыну кооперативінің мәртебесін пайдаланған. Олар ірі бизнес-орталықтардан кеңсе жалдап, өңірлерде бөлімшелер ашқан.

Кооперативтің кеңселері Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Шу, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің басқа да елді мекендерінде жұмыс істеген.

"Әлеуметтік желілер мен интернет-платформалардағы жарнамада азаматтарға баспана немесе көлік сатып алу үшін "пайызсыз" қарыз алу, қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру немесе Trade-in бағдарламаларын пайдалану ұсынылған. Қарыз алудың негізгі шарттарының бірі кооперативке жаңа үлескерлер тарту болған. Азамат бастапқы пай жарнасын төлеген соң кезекке тұрған. Кезектің жылжуы жаңа қатысушылардан түскен қаражатқа байланысты болған", – деп хабарлады ҚМА 2026 жылғы 18 қарашада.

Кооператив үлескерлермен байланыс орнату үшін TrustContact және TrustMe цифрлық платформаларын пайдаланған. Үлескерлер осы платформалар арқылы онлайн шарт жасасып, жеке кабинетінен қанша қаражат салғанын және кезегінің қалай жылжып жатқанын бақылай алған.

Нәтижесінде кооператив 332 азаматпен жалпы сомасы 562 млн теңгеден асатын шарттар жасасқан.

Соттың санкциясымен алты автокөлікке және 5 513 USDT мен 1 003 Futeres көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Астанада 01market ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты тергеу аяқталған еді. Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 млн теңгеден асқан.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

"Balapan"-ның күзгі базарлығы

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі