Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, түнде 13 градусқа дейін аяз болады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 19–21 қарашада солтүстік-батыс циклондарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде 3–13 градус аяз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, циклон алдымен елдің батысындағы ауа райына әсер етеді. Кейін солтүстік-батыс пен солтүстікте де жауын-шашын күтіледі. Ал шығыста көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Батыс өңірлерде күн біртіндеп жылынады. Алғашқы күндері түнде ауа температурасы −2…+5 °C, күндіз +2…+10 °C аралығында болады. Кейін түнде +1…+10 °C, күндіз +5…+10 °C күтіледі.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнгі аязға қарамастан, күндіз ауа 5–10 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы айтарлықтай өзгермейді.

Бұған дейін Zakon.kz тілшісі алдын ала болжам бойынша Алматыда 2026–2027 жылғы қыс әдеттегіден жылырақ болатынын хабарлаған еді. Дегенмен қалада қар жауып, аязды күндер де болуы мүмкін.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы