"Тепе-теңдікті табу керек" – министр фото және бейнетүсірілімге қатысты ұсынылған өзгерістер туралы айтты

Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифингте "Масс-медиа туралы" заңға ұсынылған түзетулер телеарналардың бейнетүсірілім жүргізуіне қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Түзетулерге сәйкес, ашық дереккөздерден алынған фотосурет пен бейнежазбаны онда бейнеленген адамның келісімінсіз пайдалануға бір ғана жағдайда жол берілмек. Ол үшін адамның өзі сол материалдарды одан әрі пайдалануға тыйым салмаған болуы керек.

"Жұмыс тобында ең қызу талқыланып жатқан мәселе – осы. Бірнеше нұсқа бар, оларды әлі де талқылай аламыз. Бәрін білеміз деп айта алмаймын. Адамның жеке өміріне қол сұқпау құқығын сақтай отырып, сіздер көтеріп отырған мәселені де ескеруіміз керек. Осы екеуінің арасындағы тепе-теңдікті табу керек. Ұсыныстарыңызды беріңіздер, талқылаймыз", – деді министр.

Арман Қырықбаев халықаралық тәжірибені де мысалға келтіріп, ұсыныстарды тыңдауға дайын екенін айтты.

"Әлемде мұндай тәртіпті қолданып жүрген елдер бар. Олардың арасында табысты мемлекеттер де бар. Солардың тәжірибесін қарастырып, зерттеп көрейік. Көмектессеңіздер, қуана қабылдаймыз", – деді министр.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы