Даниловтың пікірінше, жауаптың сапасын бағалауда субъективтілік бар. Сондықтан жауап сапасына қойылатын талаптарды заңда қалай тұжырымдауға болатынын ойластыру қажет.
"Кейбір сауалдар тікелей жауапты қажет етеді. Жауаптың қалай жазылғаны да маңызды. Жауап сапасына қойылатын талаптарды заңда белгілей аламыз ба, соны ойластырып көрейік. Ол талаптарды әркім әрқалай түсінбес үшін заң тұрғысынан нақты тұжырымдау керек", – деді Данилов.
Депутат журналистердің бұл мәселені орынды көтергенін айтты.
"Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз. Журналистердің жауап сапасына қатысты сауалы орынды. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – салалық министрліктің де, жалпы мемлекеттің де ең маңызды міндеттерінің бірі", – деді ол.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялағанда оларға арнайы белгі қою туралы ұсынысқа пікір білдірген еді.