Бұл ұсыныс онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге енген.
"Жалған ақпарат көп таралып жатқанда, ресми мәліметті түрлі жорамалдар мен бұрмаланған түсіндірмелерден ажырату үшін арнайы белгі қажет. Кейде азаматтар ненің рас, ненің өтірік екенін ажырата алмай жатады. Мәселен, белгілі бір мәлімдемені министрліктің өзі жасады ма, әлде оны біреу әдейі ойдан шығарды ма деген күмән туындаған жағдайлар тәжірибемізде кездесті", – деді министр.
Қырықбаевтың айтуынша, аталған норма осындай жағдайларға байланысты ұсынылған.
"Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Заң қабылданғаннан кейін осы мәселе бойынша заңға тәуелді арнайы нормативтік құқықтық акт қабылданады", – деді ол.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.