Президент: Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында таланттар мен технологиялар үшін жаһандық бәсеке күшейгенін айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай жағдайда Қазақстан адам капиталын дамытуға басымдық береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент елдің әлемдегі орнын енді оның зияткерлік әлеуеті мен инновациялық қабілеті айқындайтынын атап өтті.

"Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Яғни, біз, ең алдымен, отандық және шетелдік білікті маманды жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл таңдаудың жаңа Конституцияда да көрініс тапқанын айтты.

"Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік", – деді Президент.

Тоқаев форумға қатысқан ғылыми қауым өкілдері, университет басшылары мен халықаралық серіктестер Қазақстанның жаңа стратегиясын мұқият зерделеп, оның жаңашыл рухын лайықты бағалайтынына сенім білдірді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"