Тоқаев: Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:45 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім жүйесін қалыптастыру үшін ғылыми ынтымақтастық пен инновациялық жобаларды дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа білікті кадрлар даярлау, ғылыми жетістіктерді енгізу және инновацияларды дамыту арқылы қол жеткізу көзделіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев академиялық хабты дамытудың екінші кезеңінде белсенді ғылыми ынтымақтастыққа, бірлескен зертханалар ашуға және серпінді технологиялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілетінін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жетекші шетелдік университеттерге қолайлы жағдай жасау және ғылыми-зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: