Қасым-Жомарт Тоқаев: Инженерлік кадрлар даярлау мен ғылым қалашықтарын дамыту маңызды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:17 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау және ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, білікті инженерлік-техникалық мамандарды даярлау ісінде негізгі жауапкершілік жоғары оқу орындарына жүктеледі. Оның сөзінше, ұлттың зияткерлік әлеуеті дәл осы білім ордаларында қалыптасады.

"Университеттер өз миссиясын адал атқарса, білікті мамандар мен кәсіби кадрлардың қатары арта түсері сөзсіз", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым қалашықтарын дамыту және оларға жаңа технологияларды енгізу мәселесінің өзектілігін атап өтті. Президент бұл бағытта Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы инвестиция тартудың маңыздылығына да тоқталып, мұндай даму орталықтарына бизнес өкілдерін қаржы салуға ынталандыру қажеттігін жеткізді.

"Тоқетерін айтсақ, алда атқаратын шаруа көп. Ширақ қимылдап, тиянақты жұмыс істеуіміз керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы түйткілдерді мемлекет пен ғылыми қауымдастық бірлесе шешуі қажет екенін де атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: