Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтып, барлық деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сондықтан біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз. Ешқандай жоғары награда, керемет білім және мол тәжірибе заңға қайшы әрекет жасаған кезде кешірім жасауға негіз болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, лауазымды тұлғаның өз қызметіне қаншалықты лайық екенін оның бүгінгі жұмысы көрсетеді.

"Кешегі табысың емес, бүгінгі жұмысың бағаланады. Сол орынға қаншалықты лайық екеніңді нақты нәтиже және ісіңе жауапкершілікпен қарау арқылы көрсете аласың", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы адамдарды атқарған ісіне қарай бағалайтынын айтты. Оның сөзінше, тәртіп сақтау, адал болу, жинақы жүру және мемлекет мүддесіне қиянат жасамау – барлық лауазымды тұлға мүлтіксіз орындауға тиіс талаптар.

"Талай рет айттым, тағы да еске саламын: Конституцияда "Заң мен Тәртіп" бұлжымас қағидат ретінде бекітілді және атақ-абыройына, қоғамдағы орнына қарамастан азаматтардың бәріне бірдей қолданылады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі басшылар конституциялық құндылықтарды терең түсініп, күнделікті қызметінде ұстануға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент басшыларды Әділетті Қазақстан құру идеясын шынайы ниетпен қабылдауға шақырды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады