Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар өткізетін сатып алу үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейту қажеттігін айтты. Бұл шара, әсіресе, отандық тағам өнеркәсібін дамытуға серпін беруге тиіс, деп хабарлайды Zakon.
Президенттің айтуынша, бұл бағытта ұзақмерзімді келісімшарттар әзірлеу, тиімсіз талаптарды қысқарту және отандық өндірушілерге тең жағдай жасау мәселелерін шешу қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаң сақталуы керегін атап өтті. Ол мемлекет алдағы уақытта да бұл салаға қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында елдің жүріп өткен жолына тоқталды.
Президент осы кезеңде Қазақстанның көптеген сынақтан өтіп, мемлекеттілігін нығайтқанын және халықаралық беделін арттырғанын айтты.
"Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асыру жалғасатынын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript