Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі – Тоқаев
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Қазақстан шетелдік инвестиция тарту, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту саясатын жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бағытта күтпеген өзгерістер болмайды
"Біздің стратегиялық бағдарымыз – қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру, елімізде кедергісіз бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін институттық негізді нығайту. Бұл жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айттым. Бизнеске заңсыз кедергі жасау – мемлекетке қарсы қылмыс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент елдегі өзгерістердің мәнін азаматтардың тұрмыс сапасымен байланыстырды.
"Біз табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Еліміздегі оң өзгерістердің түпкі мәні де – осы: адамдардың тұрмыс сапасы біреудің біреуге бүйрегі бұрғанына, қандай да бір шенеуніктің көңіл-күйіне тәуелді болмай, керісінше, еңбекқорлық, талант, отаншылдық секілді объективті критерийлерге сүйенуі керек", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев алда ауқымды жұмыс тұрғанын айтып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне де тоқталды.
"Мемлекет пен халықтың игілігі үшін жұмыс істеу зор мәртебе, әр азаматқа бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан мұндай іске салғырт қарау шын мәнінде ұлт мүддесіне зиян келтіретін кереғар әрекет", – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, тәртіп сақтау, "Заң мен Тәртіп" қағидатын ұстану және өз ісіне жауапкершілікпен қарау – әрбір мемлекеттік қызметші мен отаншыл азаматқа тән болуға тиіс қасиеттер. Президент жұртшылықтың ықыласына бөленіп, азаматтардың шынайы алғысын алудың жолы да осы екенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript